Қостанай облысындағы Құсмұрын түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан бұрынғы Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақияновтың денсаулығында ақау жоқ.
Қайта ол спортпен айналысып салмақ қосыпты. “ Менің денсаулығым өзімнің ісім. Бұдан былай мазаламаңдар”,- деп арнайы барған комиссиядан сәлем жолдап жіберіпті.
“Ғалымжан Жақияновта туберкулез ауруының жоқтығына көз жеткіздік”
Тамыздың бірі күні Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма бастығы Дүйсебай Жаңабаев осылай деп мәлімдеді.
Осы жылдың 15-ші шілдесінде Парламент Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдин Денсаулық сақтау министрлігі мен Әділет министрлігіне сотталған Ғалымжан Жақияновті қосымша медициналық тексеруден өткізу жөнінде хат жолдаған еді.
Осы хатқа орай құрылған комиссия шілденің 30-ы күні УК-161/4 мекемесінде болған. Ол жерде Ғалымжан Жақияновқа колониядан сырт орналасқан қажетті жабдықтары бар медициналық мекемеде қосымша тексеруден өтуін ұсынған. Алайда, Ғалымжан Жақиянов комиссия мүшелеріне туберкулезбен ауырмайтынын және 30 маусымда жүргізілген тексеру нәтижелеріне қанағаттанатыны туралы мәлімдеп, ұсынылған тексеруден бас тартыпты.
Комиссия мүшелері Құсмұрын мекемесіне барып, біріншіден, денсаулық сақтау жүйесіндегі аурухананың жағдайын көрдік. Өкпені ренгент сәулесі арқылы тексеру мүмкіндіктері қалай, егер лабораториялық анализдер керек болатын болса, соны жасай ала ма соның бәрін тексердік. Сол жергілікті аурухананың толық мүмкіндіктері бар екенін біз анықтадық. Сонан соң Жақияновтің жатқан мекемесіне барып, медициналық құжаттарын көріп, былтырғы және биылғы жылғы ренгент флюрографиялық пленканы көрдік. Сол флюрограммаларда былтырғыға қарағанда ешқандай өзгерістің жоқтығына көзіміз жетті. Бұл флюрограммалардың Жақияновтікі екеніне де көз жеткіздік. Себебі, ол студент кезінде операция жасалған. Сол кезде өкпесінде спайка деген болады, шварти деген, сондайлар болған. Екі флюрограммада да шварттар бар. Бұл оның өзінің флюрограммасы екенін анықтайды.
Ол кісі ешқандай арызданбайды. Жөтелі, дене қызуы жоқ. Тамақ ішуі дұрыс. Салмағы қосылып келе жатыр. Жүдеу жоқ. Салмағы 21,5 кг көтерілген. Оның салмағы бұрын 94 кг болған. Өзінің бұрынғы салмағына қуып жетіп отыр. Күніне екі рет жүгіреді. Футбол, волейбол ойнайды. Істеп жатқан жұмысы ауыр емес.
Өзінің айтқаны, менің денсаулығым дұрыс. Денсаулығыма ешқандай арызым жоқ. Осы колонияда өткізілген медициналық байқаудың нәтижелеріне сенемін. Мені бұдан бұлай ешқайсыңыз мазаламаңыздар. Бұқаралық ақпарат жүйесіне де менің сәлемімді айтыңыздар. Мені бұл мәселе жөнінде мазаламасын. Денсаулығым, менің өзімнің ісім. Басқалардың ісі болмасын. Менде ешқандай туберкулез жоқ. Мен ауру емеспін деді,-дейді Дүйсебай Жаңабаев.
Дүйсебай Жаңабаевтің айтуынша, Ғалымжан Жақияновпен кездесу барысында ол бірде бір рет жөтелмепті.
Бүгінгі күні туберкулез ауруының жоқтығына көз жеткіздік.
Біз Ғалымжан Жақиянов жатқан түзеу мекемесінде өкпе ауруымен ауратындар бар ма деп сұрағанымызда, Дүйсебай Жаңабаев, түрме болғандықтан туберкулез ауруымен ауыратындардың кездесетіндігін айтты.
Тек түрмеде емес бостандықтағы адамдар арасында да туберкулез көп. Бүгінгі күні осы туберкулез аурымен ауру пандемия ретінде саналады. Мысалы, әрбір 100 мың адамға 50 ауру кезедестін болса, сол 50-ден асқаннан кейін эпидемия ары қарай пандемия деп аталады. Мысалы, бізде қазір туберкулездің эпидемиясы жүріп жатыр,-деді ол.
Әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің медициналық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Марат Ахметовтің айтуынша, бүгінгі күні республика көлемінде қылмыстық атқару жүйесіндегі түзеу мекемелерінде 6 мың 919 туберкулезбен ауратындар бар. Ал, Қостанай облысындағы түзеу мекемлерінде 61 туберкулезбен ауратындар бар.