Ирандық фирма Қазақстан мен Түрікменстаннан мұнай тасу үшін қажетті 6 танкер жасату мақсатында 240 миллион долларлық келісімге қол қойды. Иран ұлттық мұнай танкер компаниясының менеджері Абдулсамад Таақолдың айтуынша, ол тапсырысты Иран және Ресейлік компаниялар орындайтын болады. Менеджердің айтуынша, кеме танкерлер 2005-жылға дейін дайын болады. Қазақстан мен Түрікменстаннан Иранға тасылатын күн сайынғы мұнай әзірше - 100 мың баррел. Ал ол 6 танкер дайын болған кезден бастап, күн сайын 370 мың баррел мұнай тасылмақ.