Бағдаттың әуе жайға апаратын жолында жарылыс шықты.

Бір жергілікті тұрғын жарақат алды, ол өз мәшинесімен минаға тап болған. Әуе жайда орналасқан американ базасына әскери көліктер жиі қатынайды. Бейсенбі күні дәл осы жолда бір АҚШ сарбазы опат болып, үш қосын жараланды. Мамырдың 1-күні АҚШ президенті Джордж Буш негізгі соғыстар аяқталды деп жарияғалы бері, Ирақта 50 американ қосыны мерт болды.