Британдық сақшылар Солтүстік ирландиялық асыра ұлтшылдардың дайындық лагерне жорық жасады.

10 адам қамауға алынған. Олардан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Лагерде Солтүстік ирландық католиктердің " Ирландияның республикандық армиясы" атты негізгі әскери ұйымынан бөлінгендер жатығу жасап жүрген. " Ирландияның республикандық армиясының" қатарында бөлінушілік оның саяси қанаты Шинн Фейн Солтүстік Ирландияда бейбітшілік орнату ісіне қолдау көрсеткеннен соң келіп шықты.