Израиль радиосының хабарлауынша, елеусіз қылмыстар жасаған палестиндіктер сәрсенбі күні бостандыққа шыға бастайды. Израиль бұл әрекетін Таяу Шығыста бейбітшілік орнату жөніндегі халықаралық жоспарына сай жасап отыр. Кеше кешке, Йордан дариясының батыс жағалауында Вифлеем маңында палестиндіктер еврей отбасы отырған көлікті атқылап 4 кісі жарақат алды.