Кеше Джакартадағы Мариотт қонақ үйінде болған жарылыста 13 адам қаза тауып, 149 адам түрлі жарақат алған.

Индонезияның билік басылары бомба жарған жанкешті болуы мүмкін деп айтқан.

Американың 33 қабатты бұл қонақ үйінде жарылыс болған кезде мұнда тұрақтаған мейманның 80 проценттейі орындарында болған. Жараланғандардың ішінде 10 шақты шетел азаматы бар. Қаза тапқандар арасында бір Голландия азаматы болған.

Бұл қастандық шабуылдарын бірінші болып айыптаған елдер қатарында Филиппин, Германия және Австралия болды. АҚШ бұл жазықсыз адамдарға жасалған қайғылы шабуыл деп атап, Индонезия үкіметін террорға қарсы күреске қолдау көрсетуге шақырды. Индонезияның вице-президенті Хамза Хаз бұл шабуылдар мүмкін елдегі американдық мүдделі орындарды көздеген болу керек деген.

Кешегі жарылыстар Индонезияның Бали аралында 2002 жылы қазан айында 200-дей адамды өлтірген бомба жарылыстарына жауапты деп ұсталып, айыпталған адамдарға сот үкімі шығардан екі күн бұрын орын алып отыр.