Палестиннің еңбек министрі Гассан Әл-Хатиб бұл жөнінде былай деген:
- Палестин мен Израилдың бас министрлерінің бұл кездесуінің болмай қалғаны сәтсіздік- ол бейбіт реттеу жолында күш-жігер жұмсап жатқандар үшін ең қолайсыз жаңалық,-деп атап көрсеткен.
Кездесудің кері шегерілуі Израилдың қанша палестиндікті босатуы керектігі турасында пікірталастар жүріп жатқан кезде болып отыр.
Израил бүгін шамамен 350-дей палестиндікті босатуы тиіс болатын. Палестиндіктер болса, Израил бұдан бұрын 540 адмады босатамыз деп айтқан болатын дейді.
Бұл екі аралықта кешегі күні Израил әскерлері батыс жағалаудағы Калкилия қаласының маңында қауіпсіздік қорғанына наразылық танытқан 40 шақты палестиндікті ұстаған. Мұнымен қоса израилдық екі араб азаматы да өткен айда Израилдың солтүстігінде денесі табылған солдаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған.
Ал Палестин мен Израил арасындағы бейбіт реттеу келіссөздерін жүргізуші жақтар өздері жазған жоспар үшін қол қою науқанын бастап кеткен.