Ядролық сынақтарға қарсы жолдау жарияланды

  • Саясат БЕЙİСБАЙ
«Рухани бірлесу конференциясы» өткізген дөңгелек ұстелде ядролық сынақтарға қарсы жолдау жарияланды
«Қарусыз әлем үшін» деген тақырыпта Алматыда дөңгелек стөл отырысы болды. «Рухани келісім комиссиясы» қоғамдық қоры,Алматы қаласының әкімшілігі, «Невада-Семей» қозғалысы, «Отан» партиясы, басқа да ұйымдар бірлесе отырып, 6 тамызда «Достық» үйінде 6-29 тамыз аралығында өтетін «Қарусыз әлем үшін» күндеріне орай, Жапонияның Хиросима, Нагасаки қалаларын бомбалау күніне арналған «Жапон набаты» атты дөңгелек стөл отырысын өткізді.

Жер шары халқы ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары Хиросима, Нагасаки қалаларының үстінде болған атом бомасы жарылысын ешқашан ұмытпайды. Ал 47 жыл өткен соң Чернобыльдағы жарылыс, содан кейін Семей полигонының құпиясы ашылды. Осының бәрі бүгінгі ұрпақ үшін үлкен сабақ болуы тиіс. Дөңгелек стөл басында түрлі қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін ядролық экология хауіпсіздікті және ел азаматтарын экологиялық тәрбиелеу мақсатымен келісілген бағдарламаны бірігіп жүзеге асыру қажеттігі сөз болды. Басқосуда «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті Әбіш Майдан, Семей өңірінің ардагері Ардақ Сыздықов және басқа азаматтар ядролық апаттарға қарсы ойларын айтты.