Исландия 14 жылғы үзілістен соң киттерге ғылыми мақсатта аңшылығын бастамақ.

Екі ай ішінде 40-тай алып сүтқоректіні ауламақ. Исландия үкіметінің мәлімдеуінше, киттердің немен қоректенетінін анықтау үшін олардың азқазандарын ашып көру керек. Рейкьявиктің шешімі жан-жақты сынға ұшырап отыр, соның қатарында АҚШ мемлекеттік департаменті де өз наразылығын танытты. Қазір әлемде киттерді коммерциялық мақсатта аулауға тиым салынғанымен кейбір елдер ғылыми ақпараттар үшін киттерді атып ала алады.