Жанармай тиелген үш цистерна шойын жолдан шығып кетті.

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ
Қарасу станциясына кіре беріс жол тұйығында жанармай тиелген үш цистерна шойын жолдан шығып кетті.
Тамыздың алтыншы жұлдызында кешке, Алматы қаласында төтенше жағдай орын алды. Бұл туралы тамыздың жетінші жұлдызында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Атап айтсақ, Қарасу станциясына кіре беріс жол тұйығында жанармай тиелген үш цистерна шойын жолдан шығып кеткен.

Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің Алматы қалалық бөлімшесінің баспасөз хатшысы Тазабекова Римма Рахымбайқызының айтуына қарағанда, осы орын алған оқиғаның салдарынан екі вагон құлап, олардың біреуінің қақпағы бүлініп, екі тонна жанармай жерге ағып кеткен.

Апаттың зардабын жоюға өртке қарсы күрес қызметінің 44 адамы мен 17 техникасы, қалалық ІІІБ құрамының 70 адамы, 60 теміржолшы, 1 өрт сөндіруші поезд бен 1 жөндеу-қалпына келтіру мақсатындағы отарба жұмылдырылған.