Чешенстанда ауыр шайқастар орын алды

Мәскеушіл Чешен әкімшілігі соңғы тәулікте жеті Ресей сарбазының қаза тапқанын жариялады. Мұның сыртында 21 Ресей сарбазы миналарға жарылып, жарақат алды. Ресей әскери басшылығы тікұшақтарының атылып түскенін хабарлады. Үш ұшқыш чешен жауынгерлерінің оғына ілініп, қаза тапты. Ресей артиллериясы сезікті нысаналарды атқылады. Тінту-тіміскілеулердің барысында 150 шақты азамат қамауға алынды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында Чешенстанда Ресейдің 150 сарбазы қаза тапты, 450-ден астамы жарақат алды, деп хабарлады Ресей ішкі істер министрлігі.