Түркия парламенті өткен аптада күрд көтерілісшілеріне рақымшылық жариялаған болатын. Кешірім тек тиым салынған Күрд жұмысшылар партиясының басшыларына жасалмайды. Бұл ұйым он бес жыл бойы Түркия әскеріне қарсы күресті ұйымдастырды деп айыпталады.
Түркия газеттері рақымшылық сұрау өтініштерін бүгінгі таңда 600-ден аса азамат жазды деп хабарлады. Рақымшылық науқаны бір ай бойы жүреді. Күрд жұмысшылар партиясының басшылары рақымшылық науқанын көзбояушылық деп тапты. Түркия үкіметі тамыз айының соңына шейін оқатуды тоқтатуды жарияламаса, қарулы күресімізді қайта бастаймыз, деді кеше Күрд жұмысшылар партиясының басшылығы.