Бағдад. Бейсенбі күні Бағдадтағы Иордан елшілігіне болған шабуылдан 17 кісі опат болғаннан кейін бүгін Ирақтағы Құрама Штаттар әскері осындағы 35 елшілікті ықтимал террористік шабуылдардан сақтандырды. Одақтастар өкілі Чарлз Хитли дипломатиялық миссиялардың біразы террористердің қырына ілігіп отырғаны айдан анық деді. Кеше Құрама Штаттар президенті Джордж Буш Ирақта тұрақтылық орнатуда Құрама Штаттары біраз алға жылжулар жасады деді.