Ұлы Британия астанасында британ қорғаныс министрінің кеңесшісі болған ғалым – Дэвид Келлидің өлімі себептерін тергеу басталады.

ЛОНДОН: Ұлы Британия астанасында британ қорғаныс министрінің кеңесшісі болған ғалым – Дэвид Келлидің өлімі себептерін тергеу басталады. Тергеу барысында көптеген куәгерден, оның ішінде осы күні отбасымен бірге Барбадос аралында демалып жүрген ағылшын премьер-министрі Тони Блэрден жауап алынбақ. Дэвид Келлидің өлігі – 18-інші шілде күні өз үйінің маңайынан аңғарылған болатын. Оның радиохабар тарататын Би-Би-Си корпорациясына берген сұхбаты үлкен жанжалдың шығуына түрткі болды. Би-Би-Си-дің репортажына сәйкес, Ираққа қарсы басталған соғыс қимылдарының қарсаңында Ирақтың жаппай қырып-жою қаруынан төнген қатерді британ өкіметі асыра көрсеткен.