2003 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын демаркациялау,яғни, шекара бағандарын қойып, бекiту iсi басталады.
Естерiңiзде болар, мұның алдындағы делимитациялау кезңiнде үлкен қиындықтар туып, Түркiстан мен Бағыс мекендерiнiң тағдыры таразығы түскен болатын. Ал Демаркациялық коммиссяның қазақстандық тобының жеткешiсi Мардан Отановтың айтуынша, аталған коммиссияның Ташкентте өткен отырысында түбегейлi белгiленген шекара сызығын бекiту жұмыстарының жөн-жобасы талқыланған. Бұл кезеңнiң саяси сипатынан техникалық күрделiлiгi басымырақ болмақ.
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын демаркациялау Қазақстанның Өзбестанмен және Қырғызстанмен түйiсетiн тұсы - Майдантау тауынан басталып, жыл аяғына дейiн 50 шақырымдай қашықтыққа шекара бағандары орнатылмақ. Ташкенттегi басқосуда демаркация жұмыстары аяқталғанша шекараға жақын маңдарда құрылыс салуға тиым салу жөнiнде ұйғарым жасалған.
Шекараны демаркациялау барысында ертеректе шекара сызығы үстiнен үй-жай, қора қопсы салып алған азаматтардың мәселесiн де бiр жақты етуге тура келедi. Тiптi, үйiнiң жартысы Өзбекстанда, жартысы Қазақстанда тұрған отбасылар да кездесетiн көрiнедi. Жергiлiктi тұрғындар тарапынан дау-жанжал, қақтығыстардың туу қаупi ескерiлiп, шекара бағандарын құқыққорғау органдарының қатысуымен орнату көзделiп отырса керек.
Алда тұрған ең маңызды мiндеттердiң бiрi Қазақстан мен Ресей шекарасына қатысты. Әзiрге аталған екi ел арасындағы шекараны делимитациялауға, яғни, шекара сызығын белгiлеу жұмыстарына дайындық жүргiзiлуде. Шекараны делимитациялау туралы келiсiм-шартқа осы жылдың аяғында немесе келер жылдың басында қол қойылуы мүмкiн.