Үндістанда тікұшақтың апаты салдарынан 25 адам із-түссіз жоғалды.

ДЕЛИ: Үндістанның ең ірі мұнай компанияларының біріне қарайтын тікұшақтың апаты салдарынан 25 адам із-түссіз жоғалды. 29 жолаушы мінген әлгі тікұшақ Бомбей қаласының маңайында теңізге құлады. Олардың үшеуін құтқарылып, біреуі қаза болды. Қалғандарының іздері әзірше табылмай отыр. Апаттың себептері де әзірше белгісіз.