Украинада баспасөзге қысым жасау жөнінде шатақ жалғасын тапты

Президент Леонид Кучманы үнемі сынайтын журналист Георгий Гонгадзе 2000 жылы Киев қаласының сыртында өлі күйінді табылған болатын. Бұл іс әлі ашылған жоқ. Георгий Гонгаздзенің өлімі неден болғанын білемін деп жақында Игорь Гончаров деген полицияның бұрыңғы офицері айтқан болатын. Игорь Гончаров бас прокуратураға және Бұқаралық ақпарат институтына хат жолдаған екен. Украина бас прокуратурасы Игорь Гончаровтың хатын зерттеп, Гонгаздзенің өліміне қатысты құнды мәлімет таппадық деп кеше мәлімдеме жасады. Игорь Гончаров Гонгадзе жөнінде білемін деп хат жолдаған соң, қылмыстық айып бойынша қамауға алынды. Игорь Гончаров абақтыдан ауруханаға апарыла жатқан жерінен 1 тамыз күні қайтыс болды. Игорь Гончаровтың өлімі неден болғаны жарияланған жоқ, оның сүйегі екі күннен кейін крематоийде өртеліп жіберілген.