АҚШ-қа зымыран контрабандасы кіргізілмек болды

АҚШ-тың Ньюарк қаласында кеше британдық азамат зымыран әкеле жатқан жерінен қамауға алынды. Жерден әуеге атылатын "Игла" зымыраны Ресейде өндірілген. Қару саудагерін ұстау операциясын Федералды тергеу басқармасы жасады, операцияға Британия және Ресей үкіметтері қолдау көрсетті. Іске байланысты тағы екі азамат қамауға алынды. Өткен жылдың маусым айында Кенияда Израилдің ұшағына дәл осындай зымыран атылған болатын.