Украинада тағы бір журналист соққыға жығылды

Украинаның Донецк қаласында сейсенбі күні "Ғромадский радио" компаниясының тілшісі Эдуард Малиновский соққыға жығылған болатын. Эдуард Малиновский үкіметке жақын тұлғалардың бизнес салттарын зерттеп, мақала жариялап жүретін. Кеше, сондай ақ, Эдуард Малиновскийдің жағдайын зерттеген журналист таяқ жеді. "Акцент" деген оппозициялық газеттің тілшісі Сергей Кузин Донецкке келіп, әріптесінің мәселесін зерттеген. Донецк қаласынан шыққанда белгісіз біреулер оны ұрып-соғып, тонап кетті. Сөйтіп, екі журналист те бастарынан жараланып, ауруханадан бірақ шықты.

Ержан Қарабек