Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ресей, Украина, Белоруссиямен арадағы біртұтас экономикалық кеңістік құру жөніндегі кеңестің кезекті отырысында дайындалған құжаттарға келесі айда Ялтада болатын жоғары деңгейдегі кездесулерде қол қойылатын болады деп мәлімдеді. Ол біртұтас экономикалық бірлестіктің жоспарлары үш кезеңмен жүзеге аспақ. Біріншісі ортақ баға жүйесін қалыптастыру, екінші кедендік бірлестік құру, үшінші осы төрт елдің ортақ валютасын жасау болып отыр. Дегенмен бұл шаралардың нақты іске асу мерзімі әлі келісілмеген.