Либерия астанасы Монровияда он мыңдаған аштықтағы адам қаланы теңіз порты аймағынан бөліп тұратын көпір арқылы азық түлік сақталған қоймаға басып кірген. Бірнеше ай бойы портты ұстап тұрған көтерілісшілер кеше оны босатқан еді. Бітімгершілік күштері бүгін көпірге тосқауыл қоямыз дегенше, Монровия тұрғындары көпірді басып өткен.