АҚШ-Канада бірлескен комиссиясы, дегенмен, дағдарыс неге соншалықты жылдам қарқынмен етек жайғанын әлі білмей отыр. Бейсенбі күні кешкісін АҚШ пен Канаданың бірнеше аймағында аяқ астынан электр жарығы өшкенде шамамен 50 миллион халық зардап шекті. Комиссияның тең төрағасы, Канада табиғи қорлар министрі Херб Дхалиуал жағдай толығымен бір ай мерзімінде анықталады, қортынды баяндаманы бір айдаң сон ұсына аламыз деп үміт айтты.
Төтенше жағдайға тап болған көптеген аймақтарда электр жарығы қайта қосылды.