Африканың батысындағы Сьерра-Леоне елінің жағалауында көрші Либерия елінің халқына арналған қайырымдылық жүгін тиеп келе жатқан теңіз кемесі суға батты.

ФРИТАУН: Африканың батысындағы Сьерра-Леоне елінің жағалауында көрші Либерия елінің халқына арналған қайырымдылық жүгін тиеп келе жатқан теңіз кемесі дүйсенбі күні су толқынын көтермей суға батты. 22 адамнан тұратын кеме командасы түгел аман қалды. Алайда жалпы құны 80 мың доллар тұратын қайырымдылық жүгі суға кетті. Әлгі кеме Либерияға АҚШ-тың “Уорлд вижн” атты қайырымыдылық ұйымы сатып алған электр генераторлар, су таситын контейнерлер, көрпе-төсек және басқа да жүкті алып келе жатқан болатын.