Ресей үкіметі әскери ұшақ жасаушы “МИГ” кәсіпорнын жекешелендіруге рұқсат берді.

МӘСКЕУ: Ресей үкіметі әскери ұшақ жасаушы “МИГ” кәсіпорнын жекешелендіруге рұқсат берді. Орыс премьер-министрі Михаил Касьянов бейсенбі күні “МИГ” кәсіпорнын жекешелендіруге жатпайтын қорғаныс кешеніне қарайтын кәсіпорындардың тізімінен шығару туралы үкімет Қаулысына қол қойды. Бас-аяғы қорғаныс кешеніне қараған 70 кәсіпорынды жекешелендіруге рұқсат беріліп отыр. Үкіметтік ақпарат департаментінен “Интерфакс” агенттігіне хабарланғандай, қорғаныс өнеркәсібі кешенін реформалау және өркендету бағдарламасы шеңіберінде әлгі кәсіпорындардың негізінде акционерлік қоғамдар құрылмақ.