Америка Құрама Штаттары Қытайды адам құқықтарын бұзуы одан әрі жалғасуда деп айыптауда.

ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Қытайды адам құқықтарын бұзуы одан әрі жалғасуда деп айыптауда. АҚШ мемлекеттің департаментінің өкілі Ричард Баучердің мәлімдеуінше, Қытай АҚШ-пен арадағы өткен жылдың желтоқсанындағы келіссөздері барысында өзіне алған міндеттемелерін орындамайды деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, 2002-нші жылғы ілгерілеуден кейін, Қытайда биыл келеңсіз жайттар байқалады: Тибеттің тұрғыны тиеслі сот үрдісінсіз дарға асылды, интернет арқылы мақала жазып таратқандар қатаң жазаланды, демократиялық қозғалыстың белсенділері тұтқындалды. АҚШ – Пекинді адам құқықтары саласынан өзіне алған міндеттерін бұлжытпай орындауға көндірмек.