Мерзімді басылымдарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың саясаттағы позициясын нығайтуға күш салып жатқандығы және тағы да басқа саяси, әлеуметтік тақырыптарға арналған мақалалар жарық көрген.
“Экономика. Финансы. Рынки” апталығының 22 тамыз күнгі санында жарық көрген материалдардың басым көпшілігі Қазақстандағы сөз бостандығы мен адам құқығын қорғау мәселелеріне арналған.
Газеттің Астанадағы тілшісі Дулат Мұсатаевтың мақаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың саясаттағы позициясын нығайтуға күш салып жатқандығы әңгіменің арқауы болған. Мақала авторы жасаған болжамына сүйенсек, кезінде Рахат Әлиевтің тобында жүріп, оның сөзін сөйлеп келген саяси олигархтардың өзі бүгінгі таңда Тимур Құлыбаевтың жағына шыға бастапты. Мақалада келтірілген деректерге қарағанда енді аз уақыттан кейін Тимур Құлыбаев мемлекет басшысынан кейінгі ықпалы зор екінші адамға айналуы ықтимал.
Газеттің үшінші бетінде орын алған Мұхаметжан Әділовтың талдау мақаласында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы авторитарлық жүйенің классикалық үлгісін жасаған, авторитарлық биліктің негізін қалаған президент ретінде бағаланған.
Мақала авторының айтуына қарағанда Қазақстандағы саяси жүйе конституциялық және абсолюттік монархияның ортасында тұр. “ Қазақстандағы бүкіл билік пен экономикалық жүйені президент пен оның отбасының меншігіне айналуы әлі күнге шейін феодалдық ұстанымдардың жойылмай отырғандығын айғақтайды” дейді мақала авторы.
Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов таяу арада тағынан таюы ықтимал. Бұл туралы осы газетте жарық көрген Александр Пейрактың “Әкмідерді күзде санайды” деп аталатын мақаласында айтылған. Мұның ең басты себебін мақала авторы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласының әкімі Виктор Храпуновты қатты сынға алуымен байланыстырып өткен.
Қазақстандағы бірден-бір оппозициялық басылым мемлекет басшысын осылай қатты сынға алып жатса, “Егемен Қазақстан” газетінің бірінші бетінде қазақтың ақиық ақыны Ғафу Қайырбековтың дүниеден өтер алдында мемлекет басшысына жазған аманаты берілген. Ақын Ғафу Қайырбеков өз аманатында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қазақтың басына қонған бақыт құсы деп бағалаған.
“Экспресс К” газетінің соңғы санында берілген Лиля Ержанованың мақаласында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кытай Халық Республикасының елшісі Яо Пейшенді “Достық ІІ” орденімен марапаттағандығы баяндалған.
“Заң” газетінің 22 тамыз күнгі санындағы Болат Жәңгереевтің мақаласында шетелдік кәсіпорындардың еңбек заңын орындамай отырғандығы тілге тиек етілген. “Мысалы, 2002 жылы әр түрлі мамандық бойынша “Бейкер Хьюз Сервисез Интернешнл Инк” компаниясына жұмысқа қабылданған 423 адамның бірде –біреуі халықты жұмыспен қамту орталығының тапсырысымен алынбаған. Мұның өзі Қазақстан Республикасы “Тұрғындарды еңбекпен қамту туралы” заңының 9 бабын өрексел бұзғандық болып табылады.
Қазақстан халық республикалық партиясының атқару комитетінің төрағасы Әміржан Қосановты қаржы полициясы жауапқа тартып отыр. Бұл туралы “Деловая неделья” апталығының 22 тамыз күнгі санындағы ақпараттар ағымында баяндалған.
Оқиғаның қысқаша тарихымен таныстыратын болсақ, 2002 жылдың қарашасы мен 2003 жылдың қаңтарында Әміржан Қосановқа байланысты қылмыстық кодекстің 222 бабының бірінші бөлімі мен 325 бабының үшінші бөлігі бойынша салық төлеуден жалтарды және жалған құжаттарды пайдаланды деген айыппен екі қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл айыптауларды қаржы полициясы “Реформа” мемелекеттік емес ұйымының қызметіне байланысты қозғағаны мәлім.
Міне осыған орай Әміржан Қосанов қаладан шығуға тиым салынған ескерту қағазын алды. Бүгінгі таңда Әміржан Қосанов адвокатымен бірге осы іспен танысып жатыр. Мақаладағы келтірілген деректерге қарағанда таяу арада бұл іс сотқа беріліп, Әміржан Қосанов бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы ықтимал.
“Қазақстан-Заман” басылымының 22 тамыз күнгі санында жарияланған Гүльмира Сеиітбекованың мақаласында Қазақстанда есірткіге құмартушылардың санының жыл өткен сайын көбейіп бара жатқандығына байланысты проблема көтерілген. Республика бойынша алты айдың ішінде ғана 11 тонна есірткі қолға түсіпті. Оның 150 килограмы – героин.
Ресми деректер бойынша Қазақстанда 48 мың нашақор тіркеліпті. Бірақ кейбір баспасөз деректеріне қарағанда нашақорлардың саны бұдан бес есе көп көрінеді. Нашақорлық пен наркбизнеске қарсы күрес бағдарламсына сәйкес 2002-2003 жылы республикалық бюджеттен 375 миллион теңге бөлінген. Ал, 2004 –2005 жылға Үкімет рекордтық қаржы –1 миллиард 183 миллион теңге бөлуге мәжбүр болып отыр. Мақала авторының айтуы бойынша Қазақстандағы нашақорлыққа салынғандардың ішінде жас балалар де кездеседі екен. Ең сұмдығы Қазақстандағы ең жас нашақор бар-жоғы жеті-ақ жаста екен.
“Начнем с понедельника” апталығы 22 тамыз күнгі санынан бастап қазақ тілінде де мақалалар бере бастады. Қазақ тіліндегі мақалалар топтамасы газеттің үшінші бетінен орын алған.
Ал, газеттің тілшісі Владимир Воеводттың мақаласында Балқаш қаласының бүгінгі ахуалы сөз болған. Газет тілшісінің айтуына қарағанда Балқаш қаласы тұрғындарының бүгінгі таңдағы тұрмыс-тіршілігі өте ауыр. Балқаш қаласында әр екінші үйдің төбесінен су ағатын көрінеді. Балқаштықтардың табысы өте төмен. Мысалы ең мақтаулы “Балқашцветмет” комбинаты жұмыскерлерінің айлығының өзі 18 мың теңгеден аспайды. Ал жұмыссыз қалған қала тұрғындарының көбісі комуналдық төлемдерді төлей алмайды екен.
“Караван” апталығының 22 тамыз күнгі санында жарық көрген Елібай Жікібаевтың мақаласы да әлеуметтік тақырыпқа арналған. Мақалада Қызылорда облысында оба дертінің асқынып бара жатқандығы сөз болған. Таяуда осы оба дертіне шалдыққан төрт жасар қыз қайтыс болыпты. Дәрігерлер төрт жасар қыздың оба ауруын жәндіктерден жұқтырғандығын анықтады.
“Известия-Қазақстан” басылымының кезекті саны толықтай мәдениет пен өнер тақырыбына арналған. Газет тілшісі Гүлнара Ыбыраеваның мақаласында Қазақстандағы атақты ғалымдар туралы көп сериялы деректі фильмнің түсіріліп жатқандығы сөз болған.