Дж.Скарлетт: С.Хусеиннің режимінің ядролық шабуылын 45 минуттың ішінде бастай алатыны туралы ақпар Ирақ диктаторының маңайындағы ақпарат көзінен алынды.

ЛОНДОН: Саддам Хусеиннің билігі ядролық шабуылын 45 минуттың ішінде бастай алатыны туралы ақпар Ирақ диктаторының маңайындағы ақпарат көзінен алынды. Барлау жөніндегі британ комитетінің жетекшісі Джон Скарлетт осылай деп мәлімдеді. Сейсенбі күні ол Ирақтың ядролық қаруына байланысты үлкен жанжалға тап болған британдық әскери сарапшы Дэвид Келлидің өлімі себептерін тергеу үшін құрылған арнайы комиссияның алдында жауап берді. Ирақтың ядролық қаруы бойынша досьені әзірлеуге жетекші болған Дж.Скарлеттің сөзіне қарағанда, британ үкіметі ол бастаған топқа қысым жасамаған. Ал үлкен жанжал - Дэвид Келлиге сілтеме жасаған Би-Би-Си телекомпаниясының Саддам Хусеиннің режимінен төнген қатерді дәлелдеу үшін, әлгі істі қасақана “бұрмалап көрсетті” деп британ үкіметін айыптауынан кейін шықты.