Израильдің әскери тікұшағы палестиндіктердің Һаза аумағындағы Джабалья лагеріндегі автокөлікті зымырандардан атқылады.

ТАЯУ ШЫҒЫС: Сейсенбі күні Израильдің әскери тікұшағы палестиндіктердің Һаза аумағындағы Джабалья лагеріндегі автокөлікті зымырандардан атқылады. Нәтижесінде 1 кісі қаза болып, кем дегенде 20 адам түрлі жарақат алды. Кәугерлердің айтуынша, әскери тікұшақ “Хамас” тобының автокөлікте отырған белсендісінің көзін жою үшін кем дегенде 3 зымыранмен атқылаған. Жуырда ғана осындай зымырандық соққының нәтижесінде “Хамас” тобының 4 мүшесі қыршын кетті. Сейсенбі күні Израиль әскері, сондай-ақ, “Әл-Ақсаның азап шегушілерінің бригадасы” тобына жататын 2 экстремисті тұтқындады. “Хамас” және “Ислам джиһады” топтарының Иерусалим қаласындағы 20 адамның қазасына себеп болған жуырдағы террористік қастандықты өз жауапкершілігіне алғаннан кейін, Израиль басшылығы Палестинадағы экстремистік топтардың көсемдеріне қарсы аясыз соғыс жариялады.