30-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Алматыда өтетін Ислам Даму банкі басқармалары Кеңесінің отырысы барысында Өзбекстан аталмыш банкке мүшелікке қабылдануы мүмкін.
Бұл туралы 27-тамызда Ислам Даму банкі, ҚР Ұлттық банкі, "Қазинвест" компаниясы мен қалалық әкімшілік өкілдерінің қатысуымен Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарланды.
Ондай жағдайда Өзбекстан Ислам Даму банкіне мүше 55-ші ел болмақ. Бұрынғы КСРО республикаларының арасынан аталмыш банкке Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан мүше болып табылады. Қазақстан биыл Ислам Даму банкі басқармаларының Кеңесіне төрағалық етуде.
Қазақстан жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының мүшесі болумен бірге, Ислам Даму банкінің инвестициялар мен экспорттық несиені сақтандыру жөніндегі Ислам корпорациясына мүшеліке өткен аймақтағы тұңғыш елге саналады. Бұл корпорация өнім экспорттаушыларды коммерциялық және коммерциялық емес қатерлерден қорғау үшін 1994-жылы құрылған. Ислам Даму банкінің орталығы Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең.
Бүгінге дейін Ислам даму банкі дүниежүзінің әртүрлі елінде 12,15 млн. ислам динарына тең 2202 операция жүргізді. Олардың барлығы да сауда-саттық немесе арнаулы көмек көрсету операциялары . Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды әдетке айналдырған. Несиелер алғашқы 3-5 жылында жеңілдетілген тәртіппен 15-20 жылға беріледі.