Мәскеуде желкенді қайық спортының бүкілресейлік Федерациясының вице-президенті Александр Соболев өлтірілді.

МӘСКЕУ: Ресей астанасында желкенді қайық спортының бүкілресейлік Федерациясының вице-президенті Александр Соболев өлтірілді. Мәскеулік ішкі істер басқармасының хабарлауынша, А.Соболев - өз үйінің дәл жанында жеңіл автокөлігінен шыға берген сәтінде оққа ұшқан. Оқ атқан кісі бас сауғалап үлгерген. Болған оқиғаның барлық белгісіне қарағанда, қылмыс тапсырыс бойынша жүзеге асырылғанға ұқсайды.