ТАЛЛИНН: Эстонияның бір ауылындағы сайлаушылар Еуропалық Одаққа кіру туралы бүкілхалықтық референдумға қатысуға шақыруларды совет заманындағы конверттермен алды. Эстонияның баспасөзі хабарлағандай, әлгі конверттерде балға мен орақтың суреттері берілген көрінеді. Елдің пошта қызметінен хабарланғандай, әлгіндей қателік қызметкерлердің бірінің кінәсінен болған. Эстонияның Еуро Одаққа қабылдану мәселесі бойынша бүкілхалықтық референдум 14-інші қыркүйекке белгіленіп отыр.