Байқоңырдан орыс ғарыш кемесі ғарышқа көтерліді.

Алматы. Бүгін Ресей ғарыш кемесі Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып шықты. Кеме халықаралық ғарыш бекетіне азық-түлік, оттегі жеткізбек. Американың Шатл ғарыш кемесі осы өткен ақпанда үстіндегі жеті кісісімен апатқа ұшырағаннан кейін Халықаралық ғарыш бекетіне қажетті жабдықтарды Ресей ғарыш кемесі тасып жүргені аян.