Республикалық бюджетті қалыптастыру

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Тамыздың 28-і күні 2004-ші жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастырудың қортындысына арналған бюджеттік комиссияның отырысы Премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалық етуімен өтті, - деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Республикалық бюджет жобасы туралы құжатта ел Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға арналған шығыстар, яғни зейнетақы және жәрдемақы көлемін индекциялау, сондай-ақ ең төменгі еңбекақы көлемін 6600 теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Ауылдық аймақтарды, ауылшаруашылығын және денсаулық сақтау бағыттарын дамыту басым бағыттар болуда.

Отырыста республиканың 2004-2006-ші жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индекативтік жоспарының жобасы қаралды.

Бюджеттік комиссияның қарауына бірінші рет 2004-2006-шы жылдарға арналған орташа мерзімдегі фискалдық саясаттың жобасы ұсынылды. Жоба өткен жылдардағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижесіне және индикативтік жоспары жағдайына негізделген.

Комисссия отырысында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды оңтайландыру мәселесі қаралды.