Шешенстанның Кремлден тағайындалған прокуроры шешен көтерілісшілеріне жарияланған амнистия науқанын одан әрі жалғастыру қажет деп мәлімдеген.

Прокурор Владимир Кравченко амнистияны аяқтау қисынсыз қадам болар еді деген. Амнистияны одан әрі ұзарту Президенттік сайлау алдында тұрған республикадағы жағдайға оң әсер етіп, тұрақтылыққа қызмет етер еді, деді Прокурор Кравченко. Амнисияның мерзімі бүгін аяқталуы тиіс. Ал амнистияның мерзімін ұзарту жөніндегі шешімді Ресей Думасы бекітуі керек. Бұл екі арада, Шешенстанның Ресейшіл әкімшілігіндегі аты аталмаған бір ресми қызметкер Асошиейтед Пресс ақпарат агенттігіне берген мәліметтерінде өткен демалыс күндері Шешенстанда бес орыс әскері мен екі полиция қызметкері мерт болғанын хабарлаған. Өз кезегінде орыс әскери ұшақтары мен артиллериясы көтерілісшілердің бекінісі деген күдікпен бірнеше жерді оқ астына алған.