Алматыда барлығы 177 мектеп болса, оның 35- і қазақ, 3-еуі ұйғыр, 77-і орыс және 62- сі аралас тілдерде білім береді
Алматы қаласы бойынша, 2003-2004 жаңа оқу жылына 177 мектеп шәкірттерді білім нәрімен сусындатуға сақадай – сай тұр. Алматы қалалық білім департаментінен хабарланғанындай, қазірде қаладағы осы 177 мектептің 35-і қазақ, 3-еуі ұйғыр, 77-і орыс және 62-сі аралас тілдерде білім береді.
Сонымен қатар, өткен 2002-інші жылы қала бойынша 187 мың 714 бала мектеп табалдырығын алғаш аттаған болса, үстіміздегі жылғы тамыздың 20-сына дейінгі мәліметтер бойынша, биылғы оқу жылында олардың саны 180 мың шамасында. Білім ережелеріне сәйкес, балаларды оқуға қабылдау мерзімі тамыздың 31-інде аяқталатын болғандықтан, осы жылы нақты қанша оқушының орта білім ошағы есігін алғаш ашатындығы қыркүйектің 5-іне таман белгілі болмақ.
Сондай-ақ, қалалық білім департаментінің мәліметіне сәйкес, тамыздың 25-і мен қыркүйектің 25-і аралығында Алматыда жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы жүргізіліп жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен биылғы оқу жылында жоғары білімді жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі қолға алынған.
Жалпы алғанда, таратылған ақпаратқа қарағанда, үстіміздегі жылы қалалық бюджеттен орта білім ошақтарына 300 миллион теңге бөлінген. Қабылданған қаулыға сәйкес, бұл қаражат оқушыларды оқулықпен, сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын киім-кешек және тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалмақ.
Сондай-ақ, мектеп жасына дейінгі балаларға 37 миллион теңгеге кітаптар алынған. Ал, осы оқу жылында соңғы он жыл көлемінде алғаш рет әр мектептің кітапханасын 500 дана көркем әдебиетпен қамтамасыз ету жоспарланып отырған көрінеді. Бұған 26 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Қала мектептерінің оқулықтан тапшылық көрмеуіне 23 баспа атсалысыпты. Сонымен қатар, биыл 1-4-сынып оқушыларына мектеп қабырғасында бірыңғай мектеп киімін кию тәртібі енгізіліп отыр.