Иран прокуратурасы канадалық журналист әйел З.Каземидің қайғылы қазасына кінәлі деп барлау қызметінің 2 қызметкеріне тағылған айыптарды жоққа шығаруда.

ТЕҺРАН: Иранның Бас прокуратурасы канадалық журналист әйел Заһра Каземидің 10-ыншы шілдедегі қайғылы қазасына кінәлі деп барлау қызметінің 2 қызметкеріне тағылған айыптарды жоққа шығаруда. Прокуратураның пікірінше, журналист әйелдің өлімі бойынша істі одан әрі тергеу керек. Барлау қызметкерлерінің жауап алуынан кейін, басынан жараланған Заһра Каземи ауруханаға жеткізіліп, 10-ыншы шілде күні сол жерде дүние салды. Журналист әйел Теһран түрмелерінің бірін сырттан суретке түсіріп жүрген сәтінде тұтқындалды. Иран сотының айыптау қорытындысында атап көрсетілгендей, “барлау қызметінің қызметкерлері байқамай өлтіріп алды”.