Ауған талибандарына қарсы 9 күнге созылған әскери операция аяқталды.

Қалат. Ауғанстан. Ауғанстан үкіметінің мәлімдеуінше талибандарға қарсы ҚШ әскерімен ауған үкімет әскерінің 9 күнге созылған біріккен оперциясы жеңіспен аяқталған. Ауған командирі Наджи Сайфулла Ханның айтуынша Америка әуе күштері талибандардың Забул өлкесіндегі бекіністерін бомбалаған. Белгілі болғанындай талибандар жағынан кем дегенде 37 кісі опат болған.