Астанада «Жас қала» конкурсы өтеді

Қыркүйектің 27-сі мен қазанның 30-ы аралығында Қазақстан Астанасында «Жас қала» атты конкурс өтпекші.
Алты номинация бойынша сайыстар өтетін бұл конкурсқа 16-30 жас аралығындағы жастар қатысатын болады дейді осы конкурсты ұйымдастырып отырған Қазақстанның Жастар Конгресі республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Әйгерім Түгел.

- Бұл конкурс бағдарламасына вокал, хореография, аспапты музыка, теле- және радиожүргізушілер конкурсы, жас ақындар айтысы мен дизайнерлер жарысы енгізіліп отыр. Конкурстың басты мақсаты – талантты, дарынды жастарды тауып, оларға қолдау көрсету, - деді Әйгерім Түгел.

Қазақстанда биыл жастар саясаты саласына қазынадан 320мың доллар көлемінде ақша жұмсалатын болса, алдағы жылы бұл мақсатқа 1 млн долларға жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр.