АҚШ әкімшілігі соғыстан кейінгі Ирақты қайта көтеруге 65 млрд. доллар мөлшеріндегі төтенше несие бөлу жөнінде Конгреске сұрау жолдайды.

ВАШИНГТОН: Таяу уақытта АҚШ әкімшілігі соғыстан кейінгі Ирақты қайта көтеруге 65 млрд. доллар мөлшеріндегі төтенше несие бөлу жөнінде Конгреске сұрау жолдайды. Конгрестің Республикалық және Демократиялық партиялардан сайланған мүшелері бейсенбі күні ол несие бөлінеді деп мәлімдеді. Кейбір демократ-конгрессмендер - несие бөлуді - Ирақты көтеруге, мүмкіндігінше, БҰҰ-ының атынан, халықаралық қауымның белсенді атсалысуымен байланыстыру керек деп есептейді.