Лондон. Британия үкіметі Иран елшілігінің маңызды емес қызметкерлерін елді тастап шығуға бұйырды. Сәрсенбі күні Британияның Техрандағы елшілігі атқыланғаны белгілі. Содан кейін екі ел арасы шиеленісіп кетті. Екі ел арасындағы дау Британияның Иранның Аргентинадағы бұрынғы елшісін тұтқындауынан басталды. Иран дипломаты Аргентинада 1984 жылы болған, 85 кісінің ажалына себеп болған террорлық шабуылға айыпты деп табылған еді.