Ираққа жексенбі күні келіп жеткен 120 жауынгеріне қоса Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр Ираққа қосымша 3 мыңдық әскер аттандыру мәселесін қарастыруда.

БАҒДАД: Ирақтың оңтүстігіне қосымша 120 британдық жауынгер келіп жетті. Ұлы Британияның премьер-министрі Тони Блэр дәл осы мезгілде Ираққа қосымша 3 мыңдық әскер аттандыру мәселесін қарастыруда. Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында жергілікті тайпа көсемдерінің бірін босатуды талап еткен 5 мыңдық шеру болып өтті. Ол мұнай құбырындағы жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен өткен айда тұтқындалған болатын. Жексенбі күні, сондай-ақ, елдің оңтүстігіндегі Басра қаласында әд-Дауа атты шеиттер партиясының штаб-пәтері екі рет атқыланды. Жапа шекекен ешкім жоқ. Штаб-пәтердің күзеті шабуыл жасағандардың бірін қолға түсірді. Жексенбіге қараған түнде Саддам Хусеиннің жақтастарының басты тірегі болып табылатын Тикрит қаласының түбінде американ жауынгерлерімен бірге жұмыс істеп жүрген Ирақ азаматары минаатқыштардан атқыланды.