ТМД сыртқы істер министрлері консулдық қызметі басшылары кеңесінің 14-отырысы басталды

  • Мартбек МЕКЕНТАЙҰЛЫ
Қыркүйектің 8-інде Қазақстан сыртқы істер минстрлігінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлері консулдық қызметі басшылары консультативтік кеңесінің 14-отырысы басталды.
Оған барлық ТМД мемлекеттерінен делегация қатысуда. Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдау басқармасының кеңесшісі Гүлмира Сұлтәлидің айтуынша кеңеске қатысушылар бірнеше түйінді мәселелерді талқылайды. Атап айтқанда 13-і кеңестің отырысында қабылданған хаттаманың орындалу барысы. 1993 жылы қол қойылған құқықтық көмек, құқықтық қарым-қатынас туралы Минск конвенциясының кейбір ережелерінің орындалу жайы. ТМД азаматтарының бір-біріне сапары кезінде қажет болатын түрлі құжаттар санын азайту және шекарадан өту кезінде туындайтын кедергілерді болдырмау. Сонымен бірге заңсыз көші-қонды болдырмау шаралары.

Кеңес жұмысы 2 күн жүреді. Қыркүйектің 10-да делегация басшылары өзара кездесулер өткізеді.