Европа кеңесі Армения мен Әзірбайжанды демократиялық реформаларды тездетуге шақырды.

Бұдан үш жыл бұрын бұл екі елдің кеңеске қосылған кезде алған міндеттемелерін толықтай орындауын талап етті. Бұл туралы Кеңестің аталған екі елде осы жылдың шілде айында болған бақылау тобы жариялаған хабарламасында айтылған. Онда Арменияда БАҚ-ның айналасындағы мәселелерді шешу, сот билігі мен судьяларды тағайындаудың тәуелсіз болуы талап етілген. Әзірбайжанды саяси тұтқындарды Европа кеңесінің стандарттарына сәйкес бостандық беруден бас тартқаны үшін сынға алған. Сондай-ақ елде 15 қазанда өткелі отырған президенттік сайлау алдындағы шиеленісті ахуал жөнінде де ескертілген.