Нью-Йорктағы қос мұнараға екі бірдей жолаушы лайнері келіп соқтығып, көкпен таласқан зәулім егіз ғимаратты бір сәтте жермен жексен еткен жерде қаза тапқан әкесі мен шешелерін, бауырлары мен апа-қарындастарын жоқтаған жастар мен балалар 2792 құрбанның аттарын атап, тізімді қайта-қайта оқып шықты.
Вашингтонда президент Дж.Буш пен оның зайыбы Лаура шіркеуге барып, соңынан Буш сөз сөйледі.
- Біз үзілген өмірлерді есте ұстаймыз, біз ерлік істерді ұмытпаймыз, біз ол қасіретті естен шығармаймыз, біз сол бір ауыр күндегі азаматтарымыздың қажыры мен қайратын ұмытпаймыз, - деген президент.
Үшінші лайнер құлаған Пентагон мен төртінші үшақ көздеген нысанасына жете алмай құлаған Пенсильвани штатында да 11 қыркүйек шабуылының құрбандарын еске алулар болып өтті.