Қыркүйектің 12-сі күні кешкісін Қазақстан Президентінің Жарлығымен Зауытбек Тұрысбековтің Қазақстан Республикасының Iшкі істер министрі болып тағайындалғаны мәлім болды.
Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы қызметінен босатылған.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан үш күн бұрын, яғни қыркүйектің 10-ы күні қылмысқа қарсы күрес мәселесіне арналған кеңесте Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, қарулы және құқық қорғау органдарына басшылық қызметке азаматтық тұлғаларды қою жөніндегі кейбір елдердің тәжірибесін Қазақстанға да енгізу керектігін айтқан болатын. Осы айтылған мәселелер іске аса бастағанға ұқсайды.