Америка Құрама Штаттарында 2004 жылғы президент сайлауының науқаны басталып кетті

Зейнетті демалыста жүрген генерал Уислей Кларк президентікке таласатынын бүгін жарияламақ. Ол Демократиялық партияның өкілі. Уислей Кларктың жасы 58-де, бұрын соңды саясатпен ол шұғылданбаған. Уислей Кларк 1999 жылы Косоводағы әскери науқанға қатысқан. Демократиялық партиядан ұзын саны он үміткер шығып отыр. Президентікке түсетінін кеше сенат мүшесі Джонн Эдуардс мәлімдеді.