Баспасөз шолуы

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
Мерзімді басылымдарда билік пен оппозиция арасындағы байланыс турасында және басқа да тақырыптар қамтылған
“Азат” газетінің 17 қыркүйек күнгі нөмірінде ¤. Оразалиннің “Бас имамға бассыздық жараса ма?”, Т.Нұрмағанбетовтың “Ғасыр қателігі кітабына соңғы сөз” және Ғ.Қабышұлының “Білмейтініңді білем демегін” атты материалдары жарық көрген.Сондай-ақ, Б. Жаспенова деген азаматша бұрынғы оппозиционердің ісіне қарны ашып жазған “Қайта тапқаның қай үйір, Нұржан інім?” атты мақаласымен билік пен оппозицияның шынайы бейнесіне үңілуге тырысқан.

Ал “Егемен Қазақстан” газетінің 241 санында Президент Н.Назарбаевтың Молдоваға жасаған сапарының басталғандығы турасында хабар берілген. “Халық деп соққан жүрегі” атты мақалада қоғам қайраткері М.Есенәлиевтің саяси портреті сомдалған.

Енді “Экспресс К” газетінің 176 нөміріне тоқталсақ, онда кеше ¤скемен қаласының сусыз қалғандығы хабарланған.Бұған жиырма жылдан бері жөндеу көрмеген құбырдың жарылуы себеп болған.Алайда тұрғындардың осындай жағдайларға еті үйреніп кеткені соншалық, олар шыдамды, шуламайды, митингіге де шықпайды дейді автор.

Сондай-ақ, “Журналист” газеті өзінің оныншы нөмірінде “Сайлау да,ақпарат айтысы да басталды” деген бас тақырыппен шыққан. Басылымның бұл санында “Темір жәшікке неге телміреміз?”, “Кәсіби білікке қойылар талап күшті” және “Журфакты бітірмеген журналист әже” атты сараптамалық мақалалар бар. Ал “Ақпарат киллері кімдер” атты материалында Б. Айнабеков “Алтын Орда” газетіне шыққан даулы мақаласының жөнсіз қысқартылып кету салдарынан сотқа басы шатылып жүргенін айтады.