Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың мәлімдеуінше, өзінің барланған мұнай және газ қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 10 елдің қатарында тұр.

2 күндік ресми сапармен Молдовада жүрген Қазақстан президенті Н.Назарбаев атап көрсеткендей, өзінің барланған мұнай және газ қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 10 елдің қатарында тұр. Молдова президенті Владимир Воронинмен келіссөздерінің артынша қазақ президенті осылай деп мәлімдеді. Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлағанындай, Н.Назарбаевтың атап көрсетуінше, республиканың мұнай-газ саласын дамыту үшін 40 млрд. долларға жуық инвестиция қажет. Осы күні Қазақстанда жылына 50 млн. т. мұнай мен 10 млрд. текше метр газ өндірілсе, 2015-ші жылға қарай мұнай жылына 150 млн. тонна көлемінде, ал газ – 80 млрд. текше метр өндіріліп, көмірсутегі шикізатын әлемдік базарға тасымалдау үшін қосымша көптеген құбыр керек болады. Ал Молдовада, президент Н.Назарбаевтың пікірінше, мұнайды Еуропа бағытында транзиттік тасымалдаудың зор мүмкіндігі бар.