Шымкентте сайлау комиссиясының мүшесі соққыға жығылды

Жергілікті мәслихаттарға сайлау жақындаған сайын Оңтүстік Қазақстанда қарбалас қыза түсті деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі Шымкенттен. Сайлау бөлімшелерінің бірінде тіпті сайлау комиссиясының мүшесі соққыға жығылды. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының бастығы Берік Торғауытов мәлімдеді. Бұзақы қамауға алынды. Полиция істің саясатқа қатысы жоқ деп, түсінік беруден бас тартып отыр.