Бүгін таңертеңнен бастап Д.Ахметов Ялтада Грузияның мемлекеттік министрімен, Қырғызстан және Өзбекстан премьер-министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Д.Ахметов ТМД елдерінің үкімет төрағалары кеңесінің бүгін түстен кейін өтетін отырысына қатысу үшін Ялтаға келді. Бүгін таңертеңнен бастап Д.Ахметов Грузияның Мемлекеттік Министрі Автандил Джорбенадземен, қырғыз премьері Николай Танаевпен және Өзбекстан премьер-министрі Өткір Сұлтановпен екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен бірге, түске дейін Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғызстан сынды “интеграциялық төрттіктің” үкімет басшыларының өзіндік отырысы өтіп, онда Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша қол қойылатын құжаттарды талқылайды деп күтілді. Ал ол құжатқа “төрттік” президенттерінің Ялтада бүгін түстен кейін өтетін бас қосуында қол қойылмақ.